Барша қаламгерлер мен авторлардың назарына!


14.08.2017

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мақсатында бұрын басылып шығарылмаған әдебиетті іріктеу жүргізеді.

Іріктеуге қатысу мақсатында автор (авторлар), немесе оның сенімхаты бойынша өкілі өзінің әдебиетін мәдениет саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі:

энциклопедиялық және анықтамалық,  

көркем,  

танымдық,

қоғамдық-саяси,

ғылыми-көпшілік,

аударма әдебиет,

балалар және жасөспірімдерге,

мәдениет және өнер туралы, оның ішінде ноталық (ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды),

мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет.

Автор ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйегіне дейін уәкілетті органға төмендегі нысанға сәйкес іріктеуге қатысу үшін өтінім жолдайды.

Өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

автордың және (немесе) оның сенімхаты бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,

Times New Roman (Таймс Нью Роман) қаріп түрімен, № 14 өлшеммен, «бірлік» жол аралығымен терілген қолжазбаның электрондық түрі және (немесе) фотоальбом, сурет-альбом және кітап-альбомдар PDF (ПДФ) форматында.

Автор бір әдебиет түрі бойынша бір шығармадан артық ұсынбайды.

 

 

Нысан

 

кімге ______________________________________

(өтінімді қабылдайтын уәкілетті органның атауы)

кімнен _____________________________________
 (жеке тұлғаның немесе сенімхат негізіндегі өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған  жағдайда) тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны)

 

 

Өтінім

 

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу мақсатында әдебиеттің мына түрі бойынша келесі шығарманы қарастыруды сұраймын: ______________________________

____________________________________________________________________________

(шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған  жағдайда), шығарманың атауы, әдебиет түрі, тілі, авторлық баспа табақтағы көлемі, қысқаша мазмұны)

 

 

 

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларының 6-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі:

1.

2.

 

 

______________________________

(автордың немесе сенімхат

негізіндегі өкілінің қолы)

 

Өтінім беру күні «      »________ 20__ жыл