ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына қош келдіңіздер!

Кітап – руханият пен ағартудың көзі . Біздің данышпан ата-бабаларымыздың мәдениеті, дәстүрі мен рухани мұрасы кітаптың арқасында бізге жетті.

Көп оқудың пайдасы

В чем польза чтения? Что имеют в виду люди, утверждая, что читать полезно? Почему многие продолжают читать, ведь не только для того чтобы расслабиться, отдохнуть, или просто занять свободное время?

Национальная государственная книжная палата

Добро пожаловать!

Кітап – руханият пен ағартудың көзі . Біздің данышпан ата-бабаларымыздың мәдениеті, дәстүрі мен рухани мұрасы кітаптың арқасында бізге жетті. Ақпарат алмасу қажеттілігінің нәтижесінде туындаған кітап басу өнері дами келе, бұл күндері мәдениеттің көрсеткіші ретінде қалыптасып үлгерді.

Жинақтау, жүйелеу және кітапты құнды мұра ретінде сақтау – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының негізгі міндеттерінің бірі. Кітап палатасы 1937 жылы 19 шілдеде Орталық атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің "ҚазКСР Мемлекеттік Кітап палатасын құру Туралы" қаулысына сәйкес құрылды.

75 жылдық тарихы бар Кітап палатасы республикамыздың барлық баспа өнімдерінің міндетті даналарын жинақтаумен, сақтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар ол мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерді шығарады,  кітап нарығында жүргізілетін мониторинг пен кітап ісі жаңдайының кешенді сараптамасының ақпараттық-талдау орталығы болып табылады.

Кітап палатасының баспасөз мұрағатының қорында 5 миллионнан астам кітаптардың міндетті данасы, брошюралар, газеттер, журналдар, авторефераттар, диссертациялар, күнтізбелер, парақшалар және басқа да баспа өнімдері сақталады. Қазіргі уақытта шетелдік кітап палаталарымен, Қазақстанның және басқа да бірқатар елдердің кітап ісі жөніндегі ірі ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Кітап палатасының басшылығымен кітап таратудағы түйткілдерді шешуге, кітап нарығын дамытуға,  сондай-ақ, қоғамның кітапқа оң көзқарасын  қалыптастыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар дайындалды.

Мәдениет саласы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!!!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік

Кітап палатасының директоры

Әлібек Асқаров

 

последние

новости

наши

услуги

полезные

ссылки