Ежегодный статистический сборник

      «Статистика және кітап нарығының маниторингі»

 

ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы республикамыздың барлық баспа өнімдерінің міндетті даналарын жинақтаумен, сақтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар ол мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштерді   шығарады. Кітап нарығында жүргізілетін мониторинг пен кітап ісі жағдайының кешенді сараптамасының ақпараттық-талдау орталығы болып табылады.

      Кітап палатасында әр бөлімнің өзіндік қызмет-міндеттері бар. Соның ішінде «Статистика және кітап нарығының маниторингі» бөлімі  республикамызда шығатын баспа өнімдерінің есебі мен сараптамасы негізінде статистикалық жинақ шығарады. Статистикалық материалдар 1973 жылдан бастап жекелеген басылым болып шығарылуда.

Статистикалық жинақта кітаптар мен кітапшалардың тақырыптық бөлімдері, мақсаты, қай тілде шығарылғаны, жанры, шығарған баспа, баспа ұйымдары туралы және т.б. мәліметтер келтіріледі. Статистикалық жинақта баспа өнімдерінің басқа түрлері – ноталық, картографиялық және бейнелеу өнері басылымдары, мерзімді және жалғаспалы басылымдар туралы да ақпараттар қамтылады.

Статистикалық жинағы республикамыздың баспа қызметін жан-жақты сипаттайтын «Мерзімді, мерзімсіз емес, жалғаспалы басылымдарды шығарудың статистикалық есебі. Негізгі ережелер» СИБИД 7.81–2001 ГОСТ-на сәйкес негізгі сапалық көрсеткіштерді де қамтиды.

ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына 2016 жылы 373 баспа мен басып шығаратын мекемелерден барлығы 4691 кітап және кітапшалар келіп түсті. Жорналдар бойынша: барлығы 758 атаумен , 5652 нөмір келіп түскен.     Жаңадан 36 журнал тіркелген. Газеттер бойынша: барлығы 998 атау, 41719 нөмір. Бейнелеу өнері – 354 басылым. Ноталар – 32-ні құраса, карталар – 18.

Электрондық баслымдар (кітаптар мен жорналдар, аудио кітаптар) – 69 басылым.

            Жыл сайын 10 немесе одан да көп кітап шығаратын белсенді баспалар бар.

 

 

 

 

 

 

 

Aтaу сaны бо­йын­шa көп кітaп шығaрғaн aлдың­ғы

қaтaрдaғы 10 бaспa (aзaю тәр­ті­бі­мен)

 

 

2016

2015

Бaспaлaр

­Кітaп сaны

Бaспaлaр

­Кітaп сaны

1.

Қазақ  университеті  (Алматы)

530

Қазақ  университеті  (Алматы)

631

2.

«Алматыкітап» баспасы (Алматы)

331

Алматыкітап баспасы (Алматы)

574

3.

ҚарМТУ (Қарағанды)

234

Корпорация Атамұра (Алматы)

288

4.

 «Мектеп»  баспасы (Алматы)

150

Изд-во «Мектеп»  (Алматы)

270

5.

 «Гласир» ЖШС (Қарағанды)

144

Фолиант (Астана)

234

6.

КарГУ им. Е.Букетова (Караганда)

133

КарГТУ (Караганда)

181

7.

Корпорация Атамұра (Алматы)

123

Кереку (ПГУ им. С.Торайгырова)

134

8.

ИП «Ак Нур» (Караганда)

104

8 & 8 (Алматы)

82

9.

КазНИТУ им. К.Сатпаева (Алматы)

91

Берел (ВКГУ им. С.Аманжолова)

71

10.

СКГУ им. М.Козыбаева (Петропавловск)

77

Экономика  (Алматы)

68