Тарихы

  «Нұр Отан» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының кемеңгер басшылығының арқасында партия еліміздегі жетекші саяси күшке айналды. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасуының басы-қасында болды. Сондай-ақ, ол партияның идеялық қолдаушысы болып табылады.  

 1998 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасында «Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көрсету қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы жұмысын бастады. Сайлауалды кампания кезінде штаб белсенді жұмыс істеді. Сондай-ақ, саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақ­тастық орнатты. Аталған жұ­мыстар барысында белгілі мемлекет және саяси қайрат­керлер – С.А.Терещенко, Г.И.Дунаев, Х.Ш.Тақуов белсен­ді­лігі­мен көзге түсті. Дәл осы кезеңде қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру идеясы туралы пікірлер айтыла бастады. Осыған байланысты 1999 жылы 19 қаңтарда арнайы отырыс өтіп, онда Қоғамдық штабты «Отан» республикалық саяси партиясы» ретінде қайта құру шешімі қабылданды. Ал 1999 жылдың 12 ақпанында партия Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай Әділет министрлігіне тіркелді. Дәл осы дата партияның жұмысы басталған күн ретінде Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихына жазылды. Партияның мұрағатында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанында «Отан» республикалық саяси партиясының мүшесі ретінде тіркелген картасы сақтаулы тұр.      

1999 жылдың 1 наурызында жаңа партияның І құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның Төрағасы болып сайланды. Одан бөлек, Саяси кеңес пен Орталық тексеру комиссиясының құрамдары бекі­тіліп, партияның Жарғысы қабыл­данды. Сондай-ақ, съезд делегат­тары «Отан» республика­лық саяси партиясы, Қазақстан­ның Халықтық бір­лік партиясы, Қазақстан демократиялық пар­тиясы, Қазақстан либерал­дық қозға­лысы және «Қазақстан-2030 үшін» қозға­лысының бірігуі туралы тарихи маңызға ие Резолюцияны қабылдады.

 2002 жылы 9 қараша күні Алматы қаласында өткен «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-ға Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек партиясының қосылуы туралы қаулы қабылданды. Ал 2006 жылы 4 шілдеде Астана қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Онда «Отан» РСП-ға «Асар» партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.  Осы жылдың 22 желтоқсанында өткен партияның кезектен тыс X съезінде «Отанның» Азаматтық және Аграрлық партиялармен біріккені жарияланды.

Осы Х съезде басым дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшінің атауын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.  

2008 жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысы, партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Партияның халықтық тұғырнамасын жүзеге асыратын бағдарлама қабылданды. 2008 жылдың 15 мамырында «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. 2009 жылдың 9 қаңтарында партияның Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдасу отырысы өтті. Ал 2013 жылы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының атауы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Дәл осы күні «Нұрлы болашақ жолында» атты партияның жаңа Доктринасы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауы қарсаңында 2016 жылы 29 қаңтарда партияның кезектен тыс XVII съезі өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы бекітілді. 

http://nurotan.kz/party-history