ISMN


                               МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМА БАСЫЛЫМЫНЫҢ

               ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТЫ НӨМІРІ (ISМN)

 

                                             _979-0-803850-03-2__001

 

ISMN – музыкалық шығарма басылымның халықаралық стандартты нөмірінің құрылымы басылымның шыққан тіліне қарамастан,  бір-бірінен дефис арқылы бөлінген он үш араб санынан (0-ден 9-ға дейін), ISМN аббревиатурасынан және төменде көрсетілген төрт элементтен тұрады:

- префикс «979-0» музыкалық шығарманың жіктелуі;

- тіркелушінің нөмірі - 803850;

- басылым нөмірі - 03;

- бақылау саны – 2.

Ноталық басылымдарда ISMN 13 санды нөмірінің штрих коды ГОСТ ISО/IEC 15420 сәйкес келуі қажет.

 

ISМN не үшін тағайындалады?

 

 Классификатор ISМN - бұл музыкалық шығарманың сәйкестендіру нөмірі. ISМN  жүйесі барлық  жарияланған  музыкалық шығармалардың (ноталық басылым, музыкалық шығармалардың аудио-бейне жазбалары)  халықаралық бірыңғай базасы болып табылады. ISМN жеке жүйесінде ноталық басылымдарды жарияланымдарда жеке категория ретінде сәйкестендіреді және арнаулы нарықта музыкалық шығармалар үшін кәсіпорындар мен басқа қызметтер туралы анықтамаларды шығаруына мүмкіндік береді.

 

Қандай басылымдарға ISМN тағайындалады?

 

  • ноталық басылымдарға (оның ішінде электрондық);
  • жеке атауы бар сериалды ноталық басылымдардың жеке басылымдарына;
  • музыкалық шығарманың ноталық жазбасы бар мультимедиялық басылымдардың бөлігіне;
  • аудиожазба музыкалық шығармалары (оның ішінде электрондық);         
  • бейнежазба музыкалық шығармалары (оның ішінде электрондық);
  • микроформадағы ноталық басылымдар;
  • Брайль шрифті ноталық басылымдар.                            

 

Қандай басылымдарға ISМN тағайындалмайды?

 

  • сериялық басылымдарда немесе жинақтарда берілген аудиобасылымдар, бейнебасылымдардың музыкалық орындаудағы жеке жазбалары;
  • вокальді музыкалық шығармалардың шыққан мәтініне, нотасыз шыққан музыкалық шығармалардың либереттосы;
  • тұтас сериялық басылымдар;
  •  кітаптар.

 

 

 Жаңа ISMN қандай басылымдарға беріледі?

 

  • әрбір музыкалық баспа өнімінің қайта басылған жаңа жазбасына немесе оның орындауына;
  • факсимильді және репринтті музыкалық жазба басылымына немесе оның орындалуына;
  • таратылу жолы әр түрлі машина оқи алатын әр түрлі форматтағы музыкалық ноталы жазбаның әрбір туындысына;
  • әр түрлі инструмент пен дауысқа арнап жазылған бір музыкалық шығарманың  партитурасы мен клавиріне;
  • бір түрлі музыкалық ноталы жазбаның бір-бірінен полиграфиялық өзгеріс, безендіру жағынын айырмашылығы болса;
  • ноталық/аудио/бейне басылымдардың аудармаларына;
  • көптомдық ноталық/аудио/бейне басылымның жеке томдарына (шығарылымға);
  • құрамдастырылған басылымдардың құрамына енетін құрамдас ноталық басылымдар мен жеке ноталық басылымдар;
  • жинақталған басылымдардың құрамына енетін жинақталған ноталық басылымдар мен жеке ноталық басылымдар;

 

 Жаңа ISMN қандай басылымдарға берілмейді?

 

Аудиобасылым мен бейнебасылымның жалпы тиражының бөлек заводына (бөліміне), сол сияқты  қосымша шыққан тиражына, егерде полиграфиялық өзгерістері болмаса жаңа ISMN номері берілмейді.

 

 

 ISМN номерін кім береді?

 

 2007 жылдан Қазақстан Республикасында ISMN  ұлттық  агенттігінің қызметі  - ҚР ұлттық мемлекеттік Кітап палатасына жүктелген.

Еще услуги