Кітап палатасының тарихы


Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы

 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы  Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1937 жылғы 19 шілдедегі "Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап Палатасын құру туралы" бірлескен Қаулысы негізінде ұйымдастырылды. Кітап Палатасы 1937-1945 жылдары Қазақстаның Оқу Халық Комиссаритына, 1945-1953 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелері басқармасына, 1953-1963 жылдары Қазақстаның Мәдениет министрлігіне, ал 1963 жылдан бастап, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспасөз жөніндегі Мемлекеттік кабинетіне бағынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кітап Палатасы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 6 сәуір 1993 жылғы №270 қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік Кітап Палатасы болып өзгертілді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құзырында.

Қазақстанда шығатын басылымдардың жарыққа шығуына бағыт-бағдар беріп, халықаралық стандарт талабына сай тіркеуге алатын, баспа және баспасөз өнімдерін жинап, сақтайтын, статитикасын жүргізетін бірден-бір ғылыми-библиографиялық орталық болып саналады. Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер шығару, баспасөз статистикасын жүргізу, жүйеленген каталогтар негізінде баспаларға, мекемелерге, жекелеген адамдарға ақпараттық-библиографиялық анықтамалар беру – Кітап палатасының негізгі қызметінің бірі. Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN) беруді жүзеге асырады.

Кітап палатасының қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатын, мемлекеттік библиографияның, баспасөз статистикасының республикалық ғылыми орталығын құру, орталықтандырылған каталогтендіру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз туындыларын есепке алу және ғылыми тұрғыдан өңдеу, жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ кітаптарды халықаралық стандартпен нөмірлеу (International Standard Book Numbering), штрих-кодтар беру, КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) жөніндегі функцияны орындау болып табылады.

Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында 5 миллионға жуық баспа өнімдерінің міндетті даналары сақталуда.

  • Қазақстан Республикасында барлық мерзімді басылымдардың шығатын басылымдардың даналарын Мұрағатқа жинау, тіркеуге алу;
  • Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатындағы міндетті даналардың сақталуын қамтамасыз ету, мерзімді басылымдардың туындыларын сақталуын бақылауға алу;
  • Еліміздегі ғылыми мекемелерді, кітапханаларды, ғылыммен айналасатын орталықтарды библиографиялық ақпаратпен: жылнамалар және анықтамалармен қамтамасыз ету;
  • ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қорында мерзімді басылымдарды толықтыру және сақтау;
  • Қазақстан Республикасында шығатын баспа өнімдеріне халықаралық ISBN, ISSN, ISMN штрих-кодын беруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасында басылып шыққан жариялымдардың, материалдандың негізгі түрлерінің библиографиялық өңделуін жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасында шығатын мерзімді басылымдардың (газет, журнал, жалғаспалы басылым, т.б.) статистикалық есебін жүргізу;
  • Қазақстанда шығатын кітап пен журналдарға ӘОЖ (әмбебеп ондық жіктеу) индексін беру;
  • Қазақстан Республикасында 1917 жылдан бері басылып шыққан жарияланымдардың, материалдардың барлық түрлеріне, Кітап палатасының қорында 1917 жылға дейін басылып шыққан әдебиетті қамтитын каталогтар мен картотека жүйесін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы туралы шетел елдерде шыққан материалдарды жинау;
  • Қазақстанда алыс және жақын шет елдері туралы жарияланған туындыларды, материалдарды анықтау, есепке алу, библиографиялық сипаттама жасалған карточкаларды басқа кітапханаларға, ғылыми мекемелерге жіберу;
  • Еліміздің мемлекеттік, қоғамдық орындардан, жеке тұлғалардан түскен сұраныс бойынша баспа өнімдерін алып беру;
  • Баспасөз Мұрағатында сақтаулы басылымдардың электрондық көшірмесін жасау;
  • Республиканың мерзімді басылымдар туралы ғылыми-зерттеу, білім беру ісі туралы социологиялық зерттеулер жүргізу және ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру;
  • Кітаптарға көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру.

 

Кітап палатасы 80 жыл қарсаңында

Кітап палатасы құрылған күннен бастап, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын білікті және кәсіби  орындайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы 80 жылға жуық еліміздің ұлттық библиографиялық орталығы болып табылады.

Кітап палатасы өзіне жүктелген ұлттық ғылыми библиографиялық және статистикалық орталық міндеттерін абыроймен орындайды.

Кітап палатасының негізгі ғылыми зерттеулер мен талдаулары Қазақстан Респуликасының ағымдағы мемлекеттік (ұлттық) библио­гра­фиясың тиімділігін зерттеуге бағытталған, сонымен бірге,  нормативтік құжаттарды ғылыми-техникалық деңгейін сараптайтын ұйым.

Болашаққа арнайы ұйымдық құрылымын құруды жинақтауға күш жұмсау, ұлттық библиография саласындағы қызмет және өнімдер жүйесін жүзеге асыруды біріктіруге бағытталған.

Директорлар галереясы

Токберлина Зейнеп (1950-1956)
Нығыметов Ермекқали (1956-1971)
Кенжебаев Әлжан (1971-1972)
Ыдырысов Қабдыкәрім (1972-1975)
Ахтанов Таһауи (1975-1984)
Жұмабаев Әбілмәжін (1984-1989)
Софы Сматай (1989-2006).
Жанат Сейдуманов (2006-2016)
Алибек Аскаров 2016

Кітап палатасы ұжымы

40 лет Книжной палате
1986 г. Директор КП А.Жумабаев, ветераны КП Т.Ахтанов, З.Касымова, З. Токбергенова, Е.Ныгметов, П.Андреевна,С.Ажиева
Кітап палатасының директоры Ә.Жұмабаев, орынбасары А.Құрмашева, З.Қасымова, Б.Досмайлова - 1988 ж
Коллектив Книжной палаты 1953 г
Коллектив Книжной палаты 1955 г
Коллектив Книжной палаты 1970 г
Коллектив Книжной палаты 1977 г
Коллектив Книжной палаты 1985 г

Қосымша галерея

ЗДАНИЕ КНИЖНОЙ ПАЛАТЫ
ПОСТАВНОВЛЕНИЕ
ПРОТОКОЛ