Кітап палатасының негізгі міндеттері

  1. Қазақстан Республикасының  Баспасөз Мұрағатын құру және оның  сақталуын қамтамасыз ету;
  2. Республикалық мемлекеттік библиографияның ғылыми орталығын құру;
  3. Ұлттық Кітап палатасына келіп түсетін ҚР-да шығатын барлық баспасөз  өнімдерін есепке алу,   библиографиялық өңдеуден өткізу;
  4. Баспасөз өнімдері міндетті даналарының уақтылы келіп түсуін қадағалау;
  5. Кітаптар (ISBN), сериялық басылымдар (ISSN), ноталық басылымдарды (ISMN) халықаралық стандартпен нөмірлеу (ISBN) қызметін атқару, штрих-кодтар, ӘОК, КБЖ беру;
  6. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелер, кітапханаларды және тұрғындарды библиографиялық ақпарат, шежірелер мен анықтамалықтармен қамтамасыз ету;
  7. Орталықтандырылған каталогтендіру.