ҚР Кітап палатасының партияда атқарған жұмыстары

9 наурыз 2017 жылы ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының «Бастауыш партия ұйымы» мүшелері қатысуымен жиналыс өтті.

 «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А. Халбековтың Кітап палатасының «Бастауыш партия ұйымы» мүшелері Б. Семғалиева.,  А. Абдрахманованы  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған алғыс хатымен марапаттадық.

      20 сәуір 2017 жылы ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Бастауыш партия ұйымы» мүшелері қатысуымен жиналыс өтті.

    2015 жылдың 16 желтоқсанындағы «Нұр Отан» партиясы  Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бауыржан Байбектің «Үздік бастауыш партия ұйымы»  атты Республикалық байқауының қаулысымен таныстық. Онда қаулы бойынша бекітілген байқаудың мақсаттары мен міндеттері қарастырылды. 

       2016 жылдың 26 тамызында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Байбек,  «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері-депутат­тардың қатысуымен «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының қорытын­дысына арналған Бастауыш партия ұйым­дарының форумы болып өтті. Форумға барлық Алматы қаласы бойынша, әр ауданның «Бастауыш партия ұйымдарының» мүшелері қатысты. Форум Ақбұлак ықшам ауданындағы «Алатау» киноконцерт залында өтті. Байқаудың қортындысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Үздік бастауыш партия ұйымы» Республикалық байқауының қорытындысы нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы үш номинация бойынша бастауыш партия ұйымдарының өңірлік жеңімпаздарына арнайы жүлделер табыстады. 

Осы форумға қатысу барысында, биылғы жылы «ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Бастауыш партия ұйымы» белсене ат салысып байқауға қатысуға шешім қабылдадық.