Кітап палатасының ұлттық кітап шығару ісіне қосқан үлесі

Кітап Палатасы елімізде шығарылған барлық баспа өнімдерін жинақтап, баспасөз мұрағатын құру арқылы халқымыздың рухани, мәдени құнды­лықтарын қалыптастыру және болашаққа жеткізу ісінде маңызды шаралар жасап отыр.

Кітап Палатасы қазақ әдебиетін шетелдік ақпараттық нарыққа танытып  келеді. «Бабалар сөзі», Н.Келімбетовтың көп томды туындыларын халық­аралық  Франкфурт кітап көрмесіне шығарып, қазақ әдебиетін насихат­тауға атсалысуда. Сонымен қатар студенттер мен жасөспірімдер арасында «Жауқазын» әдеби байқауын ұйымдастырып, жас әдебиетшілерге қолдау көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Баспасөз мұрағатын, мемлекеттік библио­графия, баспасөз статистикасының республикалық ғылыми орталығын құру, орталықтандырылған каталогтендіру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз туындыларын есепке алу және ғылыми тұрғыдан өңдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ кітаптарды халықаралық стандартпен  нөмірлеу сынды қызметтерді атқарып, ақпарат кеңістігінде зор еңбек атқарды.

  • ғылым мен техника және медениеттің барлық салалары бойынша ақпаратты және жедел жаңа басылымдарды насихаттау мақсатында халықаралық және аймақтақ кітап жәрменкелерін ұйымдастыру;
  • библиография, ұлттық кітап шығару ісі, баспа саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады;
  • стандарттар түрінде жариялау үшін библиографиялық, нормативтік, әдістемелік құжаттама құру, әдістемелік нұсқаулықтар, ғылыми-танымдық материалдар және кеңестік жоспары;

  Кітап палатасы «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалін ұйымдастырушысы. Медаль баспа-полиграфия саласы, кітапхана  қызмет­керлерін, қаламгерлерді, ақындарды,  кітап мәдениетін арттыруға зор үлес қосып жүрген еліміздің және шетелдің көрнекті мәдениет, саяси қайрат­керлерді марапаттау мақсатында құрылған.

    Құрылтайшы: ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Жазушылар Одағы, Қазақстан Баспагерлері, полиграфистері және кітап таратушылар Ассоциациясы, Қазақстан Республикасы Кітапханалар қауымдастығы, медаль «КІТАП МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН» (За личный вклад в развитие книжной культуры)

 

«AMOR LIBRORUM NOS UNIT»

(халықаралық медалі

(Бізді кітапқа деген сүйіспеншілігіміз біріктіреді)

“Amor Librorum nos unit” (Бізді кітапқа деген сүйіспеншілігіміз біріктіреді) халықаралық медалі – мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық кеңес жанындағы Кітап палатасы басшыларының Кеңесі, ТМД  Атқару комитеті, И.Федоров атындағы ММБУ, ТМД кітап таратушыларының қауымдастығы, Қазақстан, Украина, Беларусь Республикалары баспагерлері мен кітап таратушылар қауымдастықтары өкілдерімен бекітілген ережеге сәйкес ұйымдастырылған.